Қайрат Нұртас: Димаштың аспан асты елiндегi алғашқы өнерін көрген кезде көзіме жас алдым

07.02.2017

Белгiлi әншi Қайрат Нұртас Димаш Құдайбергеннiң Қытайдағы жеңiсiне қатысты өз әсерiмен бөлiстi. Ол Димаштың аспан асты елiндегi алғашқы өнерiн көрген кезде көзiне жас алған. Сондай-ақ, танымал әншiнiң айтуынша, жас дарын өз әнi мен стилiн таппағандықтан туған елiнде тиiстi дәрежеде бағаланбай келуі мүмкiн, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi



«Димашжанды мен бес-алты жыл танимын. Әкесiн де, анасын да қатты сыйлаймын, жақсы көремiн. Димаштың Қытайда бiрiншi шыққанын интернеттен көрген кезде менiң көзiме жас келдi. Қатты қуандым. Қазақты мойындатып жатырмыз. Аз ғана халықпыз. Қытайды Димашжан жылатып жатыр. Қазақтың маңдайына жазылған осындай ұлдың барына қуанамын. Артымызда осындай жiгiттер шығып, көтерiлiп жатса, атақты болып жатса, басқа елге бiздi танытып жатса, неге қуанбасқа? Бауырыма тек қана сәттiлiк тiлеймiн», - деп жауап бердi Қайрат Нұртас Baq.kz тiлшiсiнiң қойған сұрағына.

Қайрат Нұртас «Димаш өз елiнде бағаланбай, есесiне шетелдiктер оның өнерiн жоғары бағалап жатыр» деген пiкiрге қатысты өз ойын бiлдiрдi.

«Өсiп келе жатқан мықты жастар бар, өнерлi азаматтар бар. Олардың Қазақстанда шығуы өте қиын. Себебi, көп қаржы керек, оқып, бiлiм алу керек. Ақша жетпей, ауылда жүрiп қалатын өнер адамдары бар. Ал Димаш бұрыннан көрiнiп жүрген жiгiт. Мен бұрыннан көрiп, даусы ұнап жүрдi. Бiрақ мүмкiн сол кезде өзiнiң әнiн, стилiн таппаған шығар. Қытайға барды, мiне, бәрiне көрiндi. Ендi бағалап жатыр. Мен өзiнiң әнiн таппағандықтан шығар деп ойлаймын», - дедi әншi.

Қайрат Нұртас жеткiзгендей, осы жазда Димаш екеуiнiң Ақтөбеде кешi болуы мүмкiн.

 

«Халыққа арнап қайырымдылық кешiн өткiземiз деген ойымыз бар. Бұл туралы Ақтөбеде Димаштың әкесiмен сөйлескен болатынбыз», - дедi ол.

 

Естеріңізге сала кетейік, қазақ елінің жас дарыны Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «I am singer» байқауына қатысып, аспан асты елiндегi өнерсүйер қауымның көзайымына айналды. Алғашқы екi кезеңде ол суырылып алға шықса, үшiншi кезеңде үшiншi орын иелендi. Ендi төртiншi турда Димаш Құдайберген қытайша ән шырқамақ.