Қайрат Нұртастың "Аңсайды жаным" атты әні фильмге саундтрэк ретінде таңдалды.

21.08.2015

Әсел Садуақасова продюсерлік еткен, режисер Асқар Бисембиннің жаңа туындысы "Адель" фильміне саундтрэк ретінде Қайрат Нұртастың "Аңсайды жаным" əні таңдалды. Айта кетейік, Қайраттың орындауындағы "Аңсайды жаным" әнінің авторы Ғазиз Шекербеков, мәтінін жазған Ақмарал Леубаева! Саундтрэк ретінде таңдаудың дәл осы әнге түсуі - әннің мағынасы мен әуені, Қайраттың орындау мәнері фильм сценариінің табиғатын барынша ашып, ерекше көрік беріп тұр дейді,- режисер Асқар Бисембин! Саундтрэк таспаланып, монтаждалу үстінде. Жақында барлық музыкалық арналардан тамашалай алатын боласыздар.