Қайрат Нұртас концертінде Бекболат Тілеуханмен бірге ән салды

13.01.2017

Әнші Қайрат Нұртас Алматыда өткен инновациялық шоу концертінде белгілі әнші, қазіргі парламент мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеуханмен бірге ән шырқады.

Әнші мен саясаткер көпке бұрыннан танымал, Қазақстанның бейресми әнұранына айналып кеткен “Елім менің” әнін орындаған. Бұл ән Бекболат Тілеухан арқылы бұқараға жақсы таныс музыкалық туынды.

Қайрат Нұртас 21 желтоқсан күні “Алматы-Арена” спорт кешенінде инновациялық шоу концерт берді. Жеке ән кешінде соңғы үлгідегі графикалық көркемдеулер қолданылған.