ҚАЙРАТ НҰРТАС ДӘУЛЕТ БОЛАТОВҚА ПРОДЮСЕР БОЛДЫ

11.03.2015

Әнші Қайрат Нұртас шәкірт тәрбиелеу жұмысын қолға алды. Бұл ақпаратты әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова жариялады.

Қайрат Нұртас «Әгугай» атты әнімен ғаламтор арқылы халыққа кеңінен танымал болған жас әнші Даулет Болатовты өзінің жетекшілігіне алды.  Дәулет Болатов осыған дейін  «Жұлдыздар фабрикасы» жобасына қатысып,  3-орын иегері атанған.  Сондай-ақ, осы әнімен «Саз әлемі» байқауында да бақ сынап,  ақтық сынға дейін жеткен. Әншінің қоржынында қазір «Ай ай» әніне түсірілген бір бейнебаяны мен «Алло Алло», «Сұлуым», «Неге жаным», «Тағы да» сияқты жастар арасында танымал бірнеше әндері бар.

Қайрат Нұртас кеше Қаскелең қаласында берген ән кешінде алғаш рет шәкіртін елге таныстырып, бірге өнер көрсетті.